Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

45 газет

19 маусым 2018 ж.

44 газет

19 маусым 2018 ж.

43 газет

19 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қалай ерте тұруға болады?

Қалай ерте тұруға болады?


Таңғы 6-да тұру! Қаулы сияқты естіледі. Таңертең жастықтан басты көтеру қандай қиын екенін елестетесіз. Бірақ бұл жағдай тек ұйқы бұзылған кезде болады. Ерте тұру – аз ұйықтау емес. Мысалы сағат 7-де тұруды көздесеңіз, 22:00-ден қалмай ұйықтауыңыз керек

Не үшін ерте тұрғыңыз келеді? Өз мотивацияңызды табыңыз. Жай ғана «керек» деген сөз іске аспайды. Өзіңізді мәжбүрлеу арқылы режимді еріксіз бұзып аласыз. Салмақ тастағыңыз келетін не денсаулығыңызды қалпына келтіргіңіз келетін мақсатыңыз бар шығар. Таңда жүгіріңіз не таңертеңгілік уақытқа бассейнге жазылыңыз. Олардың көбісі тым ерте ашылады, адамдар жұмысқа барар алдында жаттығумен айналысып үлгеруін олар да қамтамасыз етеді. Өзіңізді дамытуға уақыт жетпей ме? ол үшін таң ең жақсы мезгіл. барлығы ұйықтап жатқанда сүйікті ісіңізбен айналысуға ешкім кедергі келтірмейді.
Таңертеңгілік дәстүрді дұрыс құрыңыз ◊ 1-минут: көзіңізді ашқанда жақын жандарыңызды ойлап, күлімсіреңіз. ◊ 2-минут: бірнеше рет терең дем алып, ағзаны оттегімен толтырыңыз, содан соң ақырын керіліңіз. ◊ 3-минут: желкеге, самайға, қас пен құлақ ұшына массаж жасап, алақаныңызды бір-біріне үйкелеңіз, бұл қан айналымын жақсартады. ◊ 4-минут: баяу отырып, бір стақан су ішіңіз. Бұл ағзадағы су тепе-теңдігін қалыпқа келтіріп, зат алмасуды жыладмдатады. ◊ 5-минут: төсектен тұрып, пердені ашып, бөлмені жарыққа толтырыңыз да, өзіңізге «Қайырлы таң» тілеңіз.
Одан кейін душ қабылдап, жаттығу жасап, медитация жасап, таңғы ас ішіңіз. физикалық белсенділік пен контрастты душ адреналинді көбейтеді, тойымды таңғы ас метаболизмді оятады, медитация жаңа күнге жақсылықпен бейімделуге көмектеседі.
Таңды жарқын түстер мен хош иіске толтырыңыз. Мысалы ботқаны қызғылт-сары түсті тәрелкеде жеуге болады. Үйге цитрус иісін шашып қойыңыз.
Барлығын кешке дайындап алыңыз. Киім үтіктеу, жұмысқа алып кететін тамақты ыдысқа салып дайындау секілді істерді таңертеңге қалдырмай, жоспар да құрып үлгеріңіз. Таңертең тұрғыңыз келмеуге бір себеп болатын осы – атқарар істің көптігі.

Радио, теледидарды қоспаңыз. Жаңалықтар мен жарнамалар көңіл күйді түсіреді. Сүйікті әндеріңізді қосып, қуаттаныңыз.

Таңға дұрыс дәстүр қалыптастыру арқылы оянғаннан жаңа күнге күліп қарайсыз. Сонда сізге ешқандай оятқыштың да қажеті болмайды.

https://massaget.kz/
13 шілде 2018 ж. 61 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам