Айдарлы ауылының жастары өз таңдауын жасап, белсенділік танытуда

– Мен бүгінгі жасаған қадамыммен ертеңгі күніме таңдау жасаймын дейді талапты жастар. «Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Ерекше сезім екен. Біз – бақытты жастармыз, өйткені, тәуелсіз, өсіп-өркендеген, жан-жақты даму үстіндегі Қазақстанда тұрып жатырмыз!. Осынау алдына биік мақсат қойып отырған келешегі кемел елдің болашақ иесі – жастар. Келешекте оқуымды ойдағыдай бітіріп, отбасыма, еліме пайдам тиетін жақсы маман болсам деген үлкен арманым бар»,-дейді Айдарлы жастары.
Бүгін таңертең Қазақсатан Республикасының Парламенті мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беруге келген жастардың бәрі өздерін отанымыздың патриотымыз деп санайды.

