Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауда алғаш рет дауыс бердім

Сайлауда алғаш рет дауыс бердім

Бүгінгі саяси науқанда еліміздің жарқын болашағы үшін алғаш рет дауысымды беріп, №169 сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасадым.

Ерекше сезім екен. Біз – бақытты жастармыз, өйткені, тәуелсіз, өсіп-өркендеген, жан-жақты даму үстіндегі Қазақстанда тұрып жатырмыз!. Осынау алдына биік мақсат қойып отырған келешегі кемел елдің болашақ иесі – жастар.

Әрбір патриот өз елінің болашағына жауапты.
Мен ел болашағына үлкен сеніммен қараймын. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп, өркендеуін, ондағы тыныштық тербеткен бейбіт өмірді қалаймын! Сондықтан мен өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Дауыс беру арқылы Отандастарымыз өз өмірлерін жақсартуға жол ашатыны анық.

Сырдария ауданы бойынша алғаш дауыс берушілер қатарында болғаныма дән ризамын. Ата-анам үнемі сайлауда дауыс берудің маңыздылығын айтып отырады. Еліміз дамушы мелекеттер қатарына қосылып, халықтың әл-әухаты жақсарса, тұрақтылық орнайды. Жаңадан сайланған Президент алдағы 7 жылда саяси реформаларды жүзеге асырады деп сенеміз. Оның ішінде, жастар мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Біз жігерлі жастар өз көзқарасымызды танытып, елдің өркендеуіне зор үлес қосамыз.

Айта кетейік, ауданда 18 сайлау учаскесі және 21615 сайлаушы бар.       

Ерсұлтан ШӘДЕН,
белсенді жас
20 қараша 2022 ж. 235 0