Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін SMS арқылы кейінге жылжыта алады

Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін SMS арқылы кейінге жылжыта алады

Елдегі колледж студенттері енді әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады. Ол үшін SMS хабарлама жіберсе болғаны, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Студенттердің әскери борышын кейінге жылжытуы жайында оқу ағарту министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS хабарлама жолданады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті бұл оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде қол жеткеніне тоқталған. 

“Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі”, – дейді департамент директоры Азат Тиштыбаев.
 
Бүгінде еліміздегі колледждерде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.
15 наурыз 2023 ж. 187 0