Жеке кәсіпкерлердің қайсысы МӘМС жарналарын төлеуден босатылды?
Қанша жеке кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем жасайды? Олар өз қызметкерлері үшін қандай көлемде аударым жасайды және жеңілдік санатына кіретін жұмыскерлер үшін төлем жасай ма? Осы және басқа да сұрақтарға біздің тілшімізге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.
Жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өз пайдасы үшін қанша төлем жасайды?
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа да әлеуметтік аударымдармен қатар міндетті медициналық сақтандыруға белгіленген жарналарды төлейді.
2023 жылы осы санаттағы төлеушілер үшін жарналардың мөлшері ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе ай сайын 4 900 теңгені құрады. (70 000*1,4)*5% = 4 900 теңге.
Қалай төлейді?
Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін МӘМС төлемін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі арқылы, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ, Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК) – 122.
Сіз ай сайын да, ұзақ мерзімге де алдын ала төлем жасай аласыз. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын міндетті түрде тексеріңіз. Егер ЖСН немесе аты-жөні, төлем сомасы дұрыс көрсетілмеген болса немесе 10 ЕТЖ-дан асатын аударым базасы асып кетсе, жарналар қайтарылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлер ретінде жұмыс берушілер медициналық сақтандыруға қанша төлейді?
Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері болса, онда олар жұмыс беруші ретінде төлемдер бойынша жауапты болады.
Аударымдар (жұмыс берүші қаражаты есебінен) – қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 21 000 теңгеден аспайды.
Жарналар (қызметкердің жалақысынан ұстап қалу) - қызметкерлердің жалақысынан 2% мөлшерінде, бірақ 14 000 теңгеден аспайды.
Қалай төлем жасауға болады?
Жеке кәсіпкер қызметкерлері үшін МӘМС төлемін банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК): 121.
Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, МӘМС үшін ақы төлеу қажет пе?
Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері келесі санаттарда болған жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді:
Жұмыс берушiлердiң, жеке кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсiби медиаторлардың мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуi, уақтылы және (немесе) толық төлемеуi – ескерту жасауға әкеп соғады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне МӘМС төленбеген, уақтылы және (немесе) толық төленбеген аударымдар және (немесе) жарналар сомасының 20%-ы мөлшерінде;
Қаражаттың қайтарылмауы үшін алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету керек;
Міндетті түрде медициналық сақтандыруға төлемдердің қабылдануын 2-3 жұмыс күн ішінде тексеру қажет;
Егер төлем қайтарылған болса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, төлемді қайта жүргізу қажет;
Есепті кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру керек;
Өз жұмыскерлерін МӘМС төлемінің аударылғаны туралы хабардар ету керек.
Сіздер үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot жұмыс істейді. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.