2023 жылы МӘМС үшін аударымдар мен жарналардың сомасы қандай?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесінің міндетті шарты – «МӘМС туралы» Заңның 26, 27, 28-баптарына сәйкес жарналар мен аударымдардың болуы.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы МӘМС үшін аударымдар мен жарналардың сомасы қандай? Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2% құрады. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2% - і болып саналады.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 2023 жылға 4 900 теңгені немесе 1,4 АЕК-нің 5% құрады.
2023 жылы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы 1 айлық есептік көрсеткішке тең болады, бұл республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары және Астана үшін - 1 АЕК (3 450 теңге), ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін - 0,5 АЕК (1 725 теңге) құрады.
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2023 жылы өзгерді және 3 500 теңгені (1 ен төменгі жалақының 5%) құрады.
Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды. Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.
Сіз жарналарды төлеу екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.).