Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері қандай?

Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері қандай?

Жаздың жайдарлы күндерінде сергудің бір жолы – шомылу. Шомылу – денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал.
Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалықты қаншалықты сақтайтынына көз жеткізіңіз. Сонымен шомылатын орындардан қандай ауру түрлерін жұқтыру қаупі барын айта отырайық.
- Жыныстық жолдар арқылы берілетін (ЗППП) ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар – уретрит, пиелонефрит, цистит т.б. аурулар болуы мүмкін.
- Дерматомикоз ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
- «А» гепатиті де көбіне шомылу орындарынан жұғады.
- Герпес – көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік шомылатын орындардан жұғады.
- Тұмау және ОРЗ аурулары жұғады.
- Лямблиоз – паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.
Ішек құрттардын барлық түрін және қотыр, грибок....т,б көп!
- Түрлі тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдаланыңыз. Шыққаннан кейін ыстық душ қабылдап, тазаланып жуыныңыз.
Ескерту: Денеңізде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармағаныңыз абзал. Ондай жағдайда жарақатыңыз асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ мамандар 2 жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеуге кеңес береді. Себебі хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына, демікпе дертіне шалдықтыруы мүмкін екен.
29 қаңтар 2020 ж. 520 0