3 мыңнан астам қызылордалық МӘМС жүйесінде алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін алды

Қор филиалының басшысы еліміздің әрбір тұрғынына өзінің сақтандыру мәртебесін, МӘМС жарналары мен аударымдарын қанша ай бойы төлемегенін білу маңызды екенін атап өтті.
«Мысалы, егер 2022 жылы 2-3 ай төленбесе, онда барлық 12 ай үшін төлемдер болуы үшін оларды дербес төлеуші ретінде төлеген дұрыс («МӘМС туралы» Заңның 3-тармақтың 5-бабына сәйкес). Бірақ жарналарды бір жыл бұрын төлеген жөн. Мысалы, егер сіз ақпан айында төлесеңіз, онда төлемдер 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін болуы керек. 3 500 теңге х 12 = 42 000 теңге», - деді Бақыт Исмаханбетов.
2022 жылы дербес төлеушілер үшін жарналар сомасы 3 000 теңгені құрады (1 ЕТЖ-дан 5%), 2023 жылы - 3 500 теңге.