Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Әлемдегі мемлекеттердің дамуына мемлекеттік қызметкердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Мемлекеттік қызметші қарапайым халық пен мемлекеттік биліктің арасындағы байланыстыратын бір буыны болғандықтан, оның жұмысы халыққа сапалы қызмет көрсетуімен бағаланады.
Халыққа қызмет ету қашан да абыройлы міндет болғанымен, сенім артқан жандардың үмітін ақтау, көптің көңілінен шығу да оңай шаруа емес. Сот жүйесі биліктің үшінші тармағы, мұнда келетін азаматтардың басым бөлігі бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырып төзімдері таусылып, ашу-ызамен, агрессиямен келіп жатады. Сондықтан мемлекеттік қызмет кез келген жағдайдан шешім тауып шыға алатын, жылдамдылық, төзімділік мінезді де талап етеді.
Еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар үлкен жауапкершілік те талап етіледі. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметші қызмет бабында, қоғамдық ортада заң талаптарын сақтап, сыбайлас жемқорлықтан алшақ жүріп, қарапайымдылық танытып, өзін ортада дұрыс ұстау арқылы халықтың мемлекетке деген сенімін орната алуы керек.
Мемлекеттік қызметшінің міндеттері мен бірге құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен реттеледі.
Олжас Дүйсенов,
аудандық соттың жетекші маманы
аудандық соттың жетекші маманы