Өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті

40 мыңға жуық халқы бар ауданымызда 620 әртүрлі ұлт, 16 этнос өкілдері тұрады. Олар қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Кент орталығындағы бос тұрған ғимарат қайтадан жаңғыртылып, «Достық үйіне» бейімделіп ашылды. Ауданымызда "Қоғамдық келісім кеңесі" құрылып, жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні аудандық ассамблеяның құрылымдары берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің қалыптасуына, қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс жасап келеді.
Кездесу барысында өзге ұлт өкілдері партия белсенділеріне ұсыныс-тілектерін айтып тарқасты.