Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен жиналыс өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен жиналыс өткізді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету" мақсатында жиналыс өтті.

Жиналысты аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Р. Шайхиев жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Еңбек кодексі», Әдеп кодексі заңнамаларының қатаң сақталуын және заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу бағытында нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптары да ескерілді.

Аталған жиналыс тапсырмалары мен ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөліміне жүктелді.

01 ақпан 2023 ж. 454 0