Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма? Министр жауап берді

Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма? Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы парацетамол тапшылығы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде парацетамол тапшылығы жоқ.

Сенат отырысының кулуарында журналистер министрден елде дәрі-дәрмекпен байланысты проблемалар бар-жоғын сұрады.

"Павлодар мен Қарағанды облысында дәріханаларда парацетамол жетіспейді деген мәселе болды. Бүгінгі таңда дәріханаларға дәрі-дәрмек әкелетін барлық дистрибьютормен келіссөздер жүргізілді, елде парацетамол тапшылығы жоқ. 500 мыңнан астам қаптама бар. Бұл тек таза парацетамол. Құрамында ацетаминофен бар препараттың саны - 1,5 миллион пакет", - деп жауап берді министр.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта дистрибьюторлармен елді барлық препаратпен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігі қазір эпидемиялық маусым, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың көбеюі екенін ескеріп отыр. ЖРВИ, тұмау, коронавирус кезінде қолданылатын барлық препаратқа апта сайын мониторинг жүргізіп отыр. Ешқандай проблема жоқ", - деді ол.

28 қаңтар 2023 ж. 267 0