Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қайырымды жандар отбасыға қол үшін созды

Қайырымды жандар отбасыға қол үшін созды

Қылышын сүйрете келіп жеткен қыс мезгілінің ызғарын Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары да сезіне бастады.

Осы ауылдың тумасы, ауданның белсендісі Абай Тоқтаров "Whatsapp" әлеуметтік желісінде хабарлама жасап, қыстық қатты отын алуға қауқары жетпей қамкөңілмен жүрген 1 (бір) отбасыға көптің көмегімен 24 сағаттың ішінде 38 000 теңгеге жуық қаржы жинап, көмір түсіріп берді.

Қол ұшын беріп, үлкен азаматтық танытқан барша ауыл тұрғындары мен жастарға өз алғысын білдірді.

Туған жердің әрбір маңызды мәселесіне шет қарамайтын жаны жомарт, қолы ашық абзал азаматтар ауданымызда аз емес екендігіне көз жеткіздірді.

Жас кәсіпкер Абай Тоқтаров пен барша жомарт жандарға алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке, отбастарыңызға амандық тілейміз.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
20 қаңтар 2023 ж. 242 0