Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаланың сол жағалауында автовокзал орналасады

Қаланың сол жағалауында автовокзал орналасады

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жолаушылар тасымалының сапасын көтеру мақсатында Қызылорда қаласы аумағынан жаңа автовокзал салу жоспарлануда, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Бұл бағытта, әлеуетті инвестормен меморандум жасалды. Жаңа автовокзал құрылысы инвестор тарапынан толық қаржыландырылады. Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа нысан қаламыздың сол жағалауында орналасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Айта кету керек, мемлекеттік органдар тарапынан инвесторге заң аясында барлық қолдау шаралары көрсетілетін болады. Іске асыру мерзімі, яғни жобалау жұмыстарын 2023 жылдың наурызына дейін, ал құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделуде. Жалпы, жобаның құны шамамен 800 млн.теңгені құрайды, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов.
13 қаңтар 2023 ж. 379 0