Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылтыр көйлек – жыл сәні

Жылтыр көйлек – жыл сәні

Көптен күткен жаңажылдық кеште әйелдер ең жақсы мерекелік сәнді киім  іздейді. Жыл сайын әлеуметтік желіде дүние жүзіндегі дизайнерлер түрлі топтамаларды ұсынады. Сән саласында бізді көптеген тосынсыйлар күтіп тұр. 2023 жылы не сәнде болады? Сән әлемі мамандарының болжамдарын ұсынып отырмыз.

Дизайнерлер бізге киімнің әр түрін ұсынады. Талғампаз костюмдер, көлемді жемпірлер, жылтыр көйлектер өзекті болады. Сонымен қатар, сіз әртүрлі стильдегі заттарды біріктіріп, ерекше көрініс жасай аласыз. Бірақ танымалдықтың шыңында не болады? 2023 жылғы қыстың басты тренді дизайнерлер өз коллекцияларында табиғи жүнге ұқсайтын классикалық модельдерді ғана емес, сонымен қатар түрлі-түсті тондарды да көрсетеді. Олар ұзын, еденге дейін немесе қысқа, белдігі, түймелері бар.

Былғарыдан  жасалған  киімдер − сәнгерлердің тамаша таңдауы. Енді былғары шалбарды немесе юбканы басқа материалдан жасалған заттармен жұптастырудың қажеті жоқ. Теріден тігілген киімдерді киіп айналаңыздағы адамдарды керемет көрініспен таңқалдыра аласыз. Былғары киімдер тек қара немесе қоңыр ғана емес, қызыл, ақ сары болуы мүмкін.

Джинсы маусымның нағыз хитіне айналады. Түсі мен стилі бойынша әртүрлі нұсқаларды таңдаңыз. Тырысқан джинсиды ұмытыңыз. Келесі жылы кең шалбар сәнді болмақ. Оларды жемпірмен сәнді етіп киіңіз. Белдікті қолдануды ұмытпаңыз.

Мұндай сыртқы киім жылы болады және стильді көрінеді. Сондай-ақ ерекше  асимметриясы бар үлкен пальто танымал. Жасанды үлбір декоры бар бұйымдар да сәнде. Үлкен өлшемді сыртқы киім бірнеше маусымда танымал болып қала береді. Жаңа жылда оған тағы да көп көңіл бөлінеді. Сәл үлкен болып көрінетін курткаларды таңдаңыз. Оларды көйлекпен, шалбармен, юбкамен біріктірген дұрыс.

Күміс жылтырағы бар жаңа жылға арналған кескіндер осы маусымда сұранысқа ие. Сондықтан ұжымдық жаңажылдық кешке жарқыраған көйлектерді таңдауға болады. Сондай-ақ дизайнерлер алтынмен безендірілген сәнді маталармен тігілген стильдерді ұсынуда. Көйлектерден басқа, жаңажылдық көріністерді жарқыраған алтын стильдермен, атап айтқанда блузкамен, юбкамен тіпті курткамен біріктіре аласыз.
Жарқыраған жіппен тоқылған керемет көйлек сәнде болмақ. Кешкі көйлектердің стильдері әрқашан мерекелік киімдер ретінде үйлесімді көрінеді. Ал салтанатты іс-шараға қысқа және ұзын өте стильді ашық көйлектерді таңдаңыз. Тым ашық емес қарапайым модельді таңдасаңыз да әсем көрінеді.

Егер сіз мерекені отбасылық шеңберде қарсы алғыңыз келсе, онда family look стилінін таңдаңыз. Family look стилінде тоқылған киімдерді қолдансаңыз нағыз қыс бейнесін ашады. Тоқылған жемпірлер, көйлектер, балаларға арналған тоқылған киімдер мерекелік басқосуда керемет үйлеседі.

Қара түс бәріне бірдей келе бермесе де, жаңа жылдық кеште стильді көрінеді. Мамандар Жаңа 2023 жылға қара түсті киімдерді жарқын әшекейлермен, сәнді аяқ киімдермен толықтыруға кеңес береді. Әсіресе, әйелдерге арналған жарқыраған комбинезондар сәнде болмақ.

Аударған
Гүлбану МАҚАЖАН
01 қаңтар 2023 ж. 423 0