Жаңажылдық кешке қандай киім киесіз?
Келер жыл шығыс жұлдызнамасы бойынша ақ тышқан жылы, металл стихиясымен байланысты. Жұлдызнамаға сенсеңіз, жаңажылдық кешке киім іздесеңіз, мына кеңестерді massaget.kz ұсынады.
Тоқты.
Бохо стиліне тән образ таңдаңыз, ал макияж тым жарқын болмағаны жақсы дейді астрологтар.
Торпақ.
Сізге ақ түсті киім киген жарасымды. Образыңызды ашық түсті аксессуармен толықтырсаңыз артық етпейді.
Егіздер.
Ерекше эксперимент жасап көріңіз, яғни неше түрлі түсті араластырып, микс жасаңыз, сізге ұнайтыны сөзсіз.
Шаян.
Сізге нәзік және романтикалық образдар жарасады. Көзіңізге акцент беретін табиғи макияж таңдаңыз.
Арыстан.
Күміс түске оранған образ таңдаңыз. Алайда бастан аяқ күміс тағып жүр дегенді білдірмейді. Күміс түсті сән-салтанаты жарасқан көйлек не костюм киіңіз.
Бикеш.
Мейлінше, суықтау образ таңдаған дұрыс. Сізді элегантты етіп көрсететін киім киіңіз.
Таразы.
Көзге бірден жарқ ете қалмайтын киім сіздің мерекелік көңіл күйіңізге дәл келетіндей. Өзіңізді көрсету үшін көлемді алқа тақсаңыз болады. Бірақ нәзіктігіңізді жоғалтпаңыз.
Сарышаян.
Сізге мейлінше нәзік болған дұрыс.
Мерген.
Ақшыл түсті киімдер Мергендердің сенімділігін арттыра түседі. Ақ маржан тақсаңыз тіптен керемет.
Тауешкі.
Ашық макияж бен көзге бірден жарқ ететін бұйым тақсаңыз болғаны.
Суқұйғыш.
Егер күнделікті ашық декольте киіп үйренсеңіз, бұл жолы мейлінше салмақты образ таңдаңыз, немесе керісінше. Мақсат - талғамды өзгертіп көру.
Балықтар.
Балықтарға қысқа және нәзік үлгідегі көйлек таңдаған жөн. Шашыңызды биігірек буып қойыңыз.