Не себепті жаңадан сатып алынған киімді жуу керек?
Сіздің алдыңызда не істелгенін білмейсіз, тіпті біреулер киіп көргенде жұқпасы болып қалуы мүмкін. Бұл да бір себеп. Егерде сіз дүкеннен жаңадан ашылмаған киімді, сіз киіп көрмеген немесе ешкім киіп көрмеген киім болса да кір жуғышқа салыңыз. Мұның да себебі бар. Жаңа киімдерді өңдеудің кезеңдері. Көп адамдар өз матасын алып келіп, тіктіруді ойлай бермейді. Киімдер бірнеше өңдеуден өтіп барып, дүкен сөресіне қойылады.
Бірінші кезең-ағарту
Бастапқыда барлық маталардың (жіптердің) табиғи түсі қоңырқай болып келеді. Олардың табиғи түсін кетіру үшін хлор, сутегінің асқын тотығы, түрлі қышқылдар немесе басқа ағартқыштарға салып, жібітіп қояды. Одан кейін кептіріп және желдетеді. Матада не қалады? Матада ағарту үшін салынған ерітінділердің ұсақ бөлшектері, қалып қояды. Сонымен қатар, матаның дақтары да қалады.
Егерде сіз жаңадан тігілген киімді кие қалсаңыз, ал сізде сезімтал тері болса, онда сіздің теріңіз тітіркенуі мүмкін. Есекжемнің жеңіл түрінен бастап жанаспа дерматиттің ауыр түріне дейін алу қаупі бар.
Өзіңізге тоқта деп айтасыз. Мен ақ киімді кимеймін. Мен түрлі түсті киім киемін дейсіз.
Екінші кезең – маталарды түгелімен бір түске бояу немесе баспа суреттерді түсіру
Жоғарыдағы тәсілдей жасалынады. Ылғал бояуды (аналин азо бояғыштары) – матаға жаққаннан соң, оны кептіреді Матаның бетінде кеуіп қалған бояу қалдықтарын желдетіп кетіреді. Мата фактуралы және қалың болған сайын, кепкен бояудың көп микробөлшектері қалады.
Таза күйінде аналинді бояулардың көпшілігі канцерогенді. Боядың ұсақ бөлшектері пісіп кетіп, суда араласпауынан киім боялмауы мүмкін. Бірақ олар сіз терлеген кезде денеңізге енеді.
Мен тек боялмаған және ағартылмаған киімді ғана киемін!
үшінші кезең – сатылу алдындағы дайындық
Жаңа киімді Қытайдан контейнерлерде магазинге жеткізгенге дейін, тіпті ол табиғи болсын, көгермеу және қыртыстанбау үшін оны өңдейді. Оны су жұқпайтын сіңдіргіштермен өңдейді, маған сеніңіз, гиппоалергендік жөнінде ешкім ойламайды.
Матада кетпейтін бүлінділер болмас үшін, тағы да оны формальдегидті шайырмен өңдейді.
Қалай дайын көйлек қолға тие салысымен ешкім оны бірден жуа қоймайды. Онда сіздің теріңізге пайдалы емес әртүрлі құрамды заттар болады.
Сол үшін, киімді сатып ала сала жууды ұмытпаңыз.
Дереккөз: www.goodhouse.ru