Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жалған іс жарға жығар

Жалған іс жарға жығар

Қызылорда облысында жалған шот-фактуралар мен оған тиісті құжаттарды жасап берген серіктестік басшысы жазаға тартылды.

Аталған азамат жергілікті серіктестіктің біріне басшылық еткен. Ол 2019-2020 жылдарда бірнеше серіктестік басшысымен келісімге келіп, жалған шот-фактуралар мен оған тиісті құжаттар жасап берген. Құжаттарда талап еткен сомаға байланысты әртүрлі тауарды сатып, қызмет көрсетіп, есеп айырысқаны жөнінде мәліметтер көрсетілген.

«Шот-фактураларда көрсетілген сомалардан түрлі мөлшерде сыйақы алып отырған. Алайда, серіктестіктің аталған қызметті көрсету үшін жұмыскерлер штаты, мүлкі, қойма орындары мен өндірістік-техникалық базасы болмаған. Алты серіктестік одан жалпы сомасы 233 млн 809 мың теңгенің жалған шот-фактурасын сатып алған. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының есебіне және сот-сараптама қорытындысына сәйкес бюджетке барлығы 73 млн 367 мың теңге салық төленбегені анықталды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Ведомство мәліметінше, сот шешімімен ған ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 1-бөлігімен бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада танысынан 17 млн теңге алдап алған әйел ұсталды.

18 желтоқсан 2022 ж. 218 0