Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қате төленген әлеуметтік аударымдарды қалай қайтаруға болады?

Қате төленген әлеуметтік аударымдарды қалай қайтаруға болады?

2005 жылғы 1 қаңтардан бас­тап Қа­зақ­стан Республикасында әлеу­меттік тә­уе­келдер туындаған жағ­дайда жұмыс іс­тейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны болып табылатын міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Бүгінде міндетті әлеуметтік сақ­тан­ды­румен елімізде шамамен 6,7 млн адам қам­тылған. Жыл сайын Мем­лекеттік әлеу­меттік сақтандыру қоры­нан (МӘСҚ) 1 млн аса азамат әлеуметтік төлем алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынты­мақ­тастық қағидаттарына негіз­делген, я­ғ­ни әлеуметтік аударымдар барлық жұ­мыс іс­тейтін азаматтар үшін төленеді, ал тө­лем­дер­ді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адам­дар ғана алады.

Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен қызметкердің табысының 3,5% мөлшерінде МӘСҚ-ға әлеумет­тік аударымдар төлейді. Жеке кәсіп­керлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына алатын та­­бысының 3,5% мөлшерінде төлей­ді.

Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар мін­детті зейнетақы жарналары сияқты қыз­мет­кердің жалақысынан ұсталмайды, ол жұмыс берушілердің қаржысы есебінен тө­ленеді.

Егер төлеуші МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды қате аударса немесе артық төлесе, онда бұл қаражат қайтарылуға жатады.

Ол үшін төлеуші «Азаматтарға арнал­ған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (Мемлекеттік корпорация) өтінішпен жүгі­нуі және қажетті құжаттарды қоса беруі қажет. Құ­жат­тар тізбесі өтініш нысанында көр­­­сетілген, олар әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде жіберілген қатенің түріне байланысты қоса бе­рілуі тиіс.

Өтініш формасын gfss.kz сайтынан «Әлеу­­меттік аударымдар/және (немесе) ар­тық (қате) төленген өсім­пұлдарды қай­тару» бөлімінен жүктеп алуға болады.

Мемлекеттік корпорация мынадай себептермен:

1) егер әлеуметтік аударымдарды уа­қытылы және (немесе) толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды есептеу фактісі расталмаса;

2) төлеушінің өтініші бекітілген нысанға сәйкес келмесе;

3) төлеушінің өтінішінде қайтару­дың се­бебі дұрыс көрсетілмесе (бір­неше себеп көр­сетілсе) өтінішті қабылдамауы және қай­таруы мүмкін.

Қабылданған өтініштер бойын­ша Мем­лекеттік корпорация 5 опе­ра­циялық күн ішін­де әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсім­пұлдарды есепке алу фактісін тек­се­реді және осы төлем бо­йынша барлық деректемелерді растауды қоса бере отырып, құжаттарды МӘСҚ-ға жібереді.

МӘСҚ төлеушінің өтініші келіп түскен күннен бастап 7 операциялық күн ішін­де кейін­нен оларды төлеу­шіге аудару үшін Мем­лекеттік кор­порацияның банктік шотына ақша аударуды жүзеге асырады.

Алайда, сұралған әлеуметтік ау­­да­рым­дардың сомалары кейде қай­тарылуға жатпайды. Мысалы, егер әлеуметтік аударым­дар МӘСҚ-дан әлеу­меттік төлемдерді та­ғайындау кезінде жүйеге қатысу өтіліне есепке алынған кезең үшін есептелген болса немесе төлеушінің өтінішінде көрсетілген қайтару себебі расталмаса, артық (қате) төленген әлеу­меттік аударымдардың сомалары қайтарыл­майды.

Мұндай жағдайларда МӘСҚ Мем­ле­кеттік корпорацияға әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын қайтарудан бас тарту себептері туралы ақпаратты береді. Мемлекеттік корпорация өз кезегінде бұл ақпаратты хабарлама жіберу арқылы төлеушіге жеткізеді.


«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»
АҚ Қызылорда облыстық
филиалы
13 желтоқсан 2022 ж. 306 0