Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам

Цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам

Цифрландыру қоғамның барлық саласына енді. Десе де жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. 

Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша Сырдария аудандық бөлім мамандары мемлекеттік корпорацияның даму стратегиясының «Бизнес пен азаматтарға қызмет көрсетудің цифрлық форматына көшудің 2-стратегиялық бағытын" орындау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізілген болатын.

Бөлім мамандары Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Сырдария аудандық ауруханасы қызметкерлерімен, Сырдария аудандық аграрлық-техникалық колледж студенттерімен кездесіп, бүгінгі ақпараттық қоғамдың даму стратегиясын түсіндірді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға болатынын насихаттады. Оның ішінде, халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінбей-ақ алуға болатынын жеткізді.

Иә, қазір қолдағы смартфон арқылы мобильді қосымша арқылы қажетті жұмыстарды тындыруға болады.Бұл әркімнің уақытын үнемдейді және жұмыстың жылдам бітуіне қолайлы.


"ТТ" ақпарат
08 желтоқсан 2022 ж. 299 0