Қоғамның кеселіне қарсы тұру керек

Жиын барысында мәдениет үйінің әдіскері, Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс офицері Жадыра Құрақбай мәселе бойынша баяндама жасады. Баяндамада сыбайлас жемқорлық көріністерін қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеуге, Заң талаптарын қатаң сақтауға байланысты мол ақпарат қамтылған. Негізінен, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлеріне тоқсан сайын осы тақырып бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Соның нәтижесінде, мәдениет саласының мамандары құқық бұзушылыққа жол бермеуде. Жалпы жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды. Заң шеңберінде жаза басқан жандарды жауапкершілікке тарту көзделген. Жемқорлық факторларын болдырмау үшін қатаң әрі тиімді іс-шаралар қабылданған дұрыс.
Мұндай іс-шаралар барлық мекемелерде өткізлуде. Қашанда сыбайлас жемқорлыққа бармау жөніндегі ақпараттарға құлақ асқан дұрыс. Қызметке адал болып, біреудің ала жібін аттамауға әрбір маман жауапты.