Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде үлкен өзгерістер болғалы тұр

Елімізде үлкен өзгерістер болғалы тұр

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Президентті Ұлықтау рәсімі өтіп, Әділетті Қазақстан құру бағытын қалыптастырған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ еліне ант берді.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы алдағы жеті жылда атқарылатын ауқымды істер туралы жан-жақты айтты.

«Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын.Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау –  ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік. Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін.  «Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын,»-деді Қ.Тоқаев.

Халық бұл жолдың дұрыстығына сенеді және Президент саясатымен бірге болады деп білемін. Расында елімізде үлкен оң өзгерістер болғалы тұр.
Осы ретте біз бірлігі бекем ел болып, бірлесе Әділетті Қазақстанды құру жолында бірігуіміз қажет деп есептеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!



Ұлмекен Жаналиева
«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

28 қараша 2022 ж. 317 0