Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтық семинар өткізілді

Аймақтық семинар өткізілді

Қызылорда облыстық оқу орталығының жоспарына сай Сырдария ауданындағы "Қызғалдақ" бөбекжай балабақшасының базасында "Инновациялық технологиялар арқылы тілдік қызметті дамыту нысандары мен әдістерін жетілдіру" тақырыбында кеше аймақтық семинар өткізілді.

Семинарға облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева, Сырдария аудандық білім бөлімінің басшы Б.Жәнібеков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Төреқұлова және Жалағаш,Сырдария аудандарының балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Семинарда "Ботақан" кіші тобында Нұргүл Мақашева "Кемпірқосақ", "Таңшолпан" тобында Дина Төлтаева "Доп-менің досым", "Бәйшешек" тобында Гүлнар Арыстанбаева "Құстар – біздің досымыз", "Жауқазын" тобында Гүлнұр Табынбаева "Көңілді көжектер", "Жауқазын" тобында Аманкүл Саринова "Жемістер мен көкөністер" тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттін өткізді. Сонымен қатар логопед Азиза Досанова онлаин форматта ерекше балалармен "Жемістер" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті. Семинарға қатысушылармен балабақша психологы "Менің көңіл-күйім" тақырыбында тренинг өткізді. Семинар соңында музыка жеткешісі Айгерім Қозбағарова "Шегіртке мен құмырсқа" атты музыкалық қойылым көрсетті.

Семинарға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, облыстық оқу орталығы директоры орынбасары Г.Дихамбаева қорытындылады.
25 қараша 2022 ж. 375 0