Туған күн иесіне сыйлық табысталды

Әрине, ауыл тұрғыны ретінде, көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде осындай саяси науқанға қатысу құқығымды пайдаланып, міндетті түрде дауыс беремін. Себебі мен үшін бүгін қуанышым еселей түсуде. Саяси науқан күні туған күніме сәйкес келіп тұр. Таңертеңнен бастап ауыл тұрғындарымен бірге ауылдағы №168 сайлау учаскесіне асықтым. Онда ресми түрде ашылу салтанаты болды. Барлығымыз тік тұрып, кеудемізге алақанымызды қойып Әнұранды шырқадық. Алғашқы сайлаушылар да дауыс беріп үлгірді. Мен де өз кезегімде дауыс бердім. Туған күн иесі ретінде арнайы сый-сияпатқа ие болдым. Бұл менің бірінші дауыс беруім емес. Көптеген саяси науқандарға қатысып, өз таңдауымды жасаған болатынмын. Сондықтан сайлауда әр дауыс маңызды екенін жақсы түсінемін.