Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Мұрат Искаков мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қайта даярлау курсы аясында семинар өткізді.

Іс-шара барысында заңнамадағы өзгерістер, 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттары, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыруға бағытталған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру» төртінші базалық бағытының жүзеге асыруы, сонымен бірге өңірлің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелер талқыланды.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берді.
16 қараша 2022 ж. 179 0