Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі жөтелді қалай басуға болады?

Түнгі жөтелді қалай басуға болады?

Жөтел — үйреншікті істермен айналысуға кедергі келтіретін және хал-жағдайыңызды нашарлататын жағымсыз нәрсе. Оған қоса, ол күндіз емес, түнде мазаласа, барынша жылдам дәрігерге көрініп, оның кеңесін алған жөн. Ал оған  дейін түнгі жөтелді қалай басуға болады?

Түнгі жөтел несімен қауіпті?

Түнде пайда болатын жөтел көптеген уақытша және тұрақты денсаулық проблемаларын тудыруы мүмкін: есте сақтаудың нашарлауы, көз көруінің төмендеуі немесе иіс сезудің әлсіреуі. Түнгі жөтел мен бұл проблемалардың не қатысы бар деп ойлауыңыз мүмкін. Адам денесіндегі ең маңызды орган — бас миына демалыс және оттек жетіспесе, сіз күтпеген проблемалар пайда болады. Түнде ми демалуы және күндіз жұмсаған ресурстар орнын толтыруы керек. Ол үшін сіз терең ұйқыға батуыңыз керек. Бірақ сізді түнімен жөтел мазалайтындықтан, ол мүмкін емес. Бұлай бірнеше күнді ғана өткізсеңіз, оның қауіпті салдары бола қоймайды. Бірақ түнгі созылмалы құрғақ немесе ылғал жөтел бір күні мидың созылмалы шаршаңқылығына әкеледі.

Түнгі жөтелді қалай тыныштандыруға болады?


Ұйқы сапасын жақсарту үшін және жылдам жазылу үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:

Мұрынмен тыныс алу. Мұрын бітеліп қалса, ауызбен демаласыз. Ал ол тамақтың шырышты қабығының құрғап кетуіне, оның қышуына және қайта-қайта жөтеле беруге әкеледі. Себебі ағза шырышты бронхтан шығару арқылы тыныс алу жолдарын осылай ылғалдандырғысы келеді. Сондықтан мұрынды ашудың жолдарын іздеңіз.

Бөлмедегі температураны төмендету. Егер сіз үшін жатын бөлмедегі қолайлы температура 22 градус болса, оны 20-ға түсіріңіз. Температура қаншалықты төмен болса, ауа ылғалдылығы соншалықты жоғары болды. Сондықтан сізге тыныс алу да оңай бола түседі. Бірақ өте төмен градустар кері әсер беріп, жөтел салқын ауаны жұту кезіндегі спазм себебінен пайда болады. Тұмау, бронхит және т.б аурулар кезінде шырыштылар өте сезімтал келеді. Сондықтан тек градусникке қарамай, өз сезімдеріңізге де мән беріңіз.

Аяқты жылы ұстау. Табан мен бронхтар бір-бірінен алшақ, десе де олар бір қантамырлар жүйесі шегінде орналасқан. Аяқ қаншалықты жылы болса, оған құйылатын қан соншалықты көп болады. Нәтижесінде жоғары тыныс алу жолдарынан қан қайтуы да жақсы болады. Бұл жөтелді тыныштандыруға көмектеседі.

Жылы су көп ішу. Әдетте, дене температурасы көтеріліп кеткен кезде және вирусты аурулар кезінде сұйықтық көп ішу ұсынылады. Бірақ түнгі жөтел кезінде де көп сұйықтық ішу жақсы көмектеседі. Ол жылы су, компот және шай болуы мүмкін. Күні бойы сұйықтық ішіп жүрсеңіз, тек қанның емес, ағзадағы басқа да сұйықтықтардың, соның ішінде шырыштың тұтқырлығы төмендейді. Сіздің бронхыңыз жөтелу кезінде оны сыртқа шығаруға тырысып жатыр. Оның жұмысын көбірек су ішу арқылы жеңілдетіңіз.

Кешкісін жайрақ тамақ жемеу. Толып тұрған асқазан сау адамның өзін жөтелуге итермелейді. Ал бронхит кезінде кеш тамақтану жағдайды тіптен, нашарлатып жібереді. Соңғы тамақтану ұйықтарға аз дегенде 2 сағат қалғанда болуын қадалағалаңыз.

Биік жастықта ұйықтау. Жайпақ жастықта жатсаңыз, жөтел күшейеді. Себебі шырыш тамақтың артқы қабырғасынан ағады және ол оны тітіркендіреді. Түнгі жөтел кезінде биіктеу жастыққа немесе бірнеше жастыққа ұйықтаңыз.

14 қазан 2022 ж. 468 0