ТМККК және МӘМС пакеттері: айырмашылығы неде?
Сақтандыру медицинасының басталуымен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлағандай, егер 2020 жылы жоспарланған нақтыланған бюджет 62,7 млрд. теңгені құраса, 2022 жылы облыстың 61 медициналық ұйымымен (30 - мемлекеттік, 31 - жеке) 84,3 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды (ТМККК-51,1 млрд. теңге (60,6%), МӘМС-33,2 млрд. теңге (39,4%)). Осылайша, қаржыландыру 21,6 млрд теңгеге немесе 25,6% - ға өсті.
Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, сізге мемлекет кепілдік береді.
Бұл пакетке:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.
МӘМС – бұл:
салалық мамандардың кеңестері;
Егер ТМККК және МӘМС пакеттеріне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз оларды жергілікті дәрігерге немесе өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Сондай-ақ, ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда
облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова