Партияның саяси тұғырнамасы бастауыш партия ұйымдарында талқылануда

«AMANAT» партиясы әрқашан қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасында жүр. Біз түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Біздің партия әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайды. Бүгінгі талқыға түсіп отырған Тұғырнама жобасында әрбір адамның лайықты білім мен медициналық көмек алуы, жеке қауіпсіздігінің қорғалуы, жайлы баспанада тұруына дейінгі халықтың көкейіндегі мәселелер қамтылып отыр.
Жалпы алғанда 3 мыңға жуық партияластар топтасқан 24 бастауыш партия ұйымының мүшелері партияның саяси тұғырнамасын қолдайды.