Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аяқ су насосы жеткізілді

Аяқ су насосы жеткізілді

Соңғы жылдары Сырдария өзені деңгейінің түсуі аяқ су мәселесіне тікелей әсер етті. Бұл аудан орталығы – Тереңөзек кентіне аяқ судың келуіне де айтарлықтай кері ықпалы тиді. Әсіресе, «Әйтек» каналындағы су деңгейінің төмендігі «Айтбай арық» каналына аяқ су жіберуде қиындық туғызды. Аталған мәселені шешуге қатысты кент тұрғындары тарапынан талап-тілектер айтылған болатын.

Осы орайда, тұрғындардың талап-тілегі назарға алынып, «Айтбай арық» каналы арқылы аяқ суды қамтамасыз ету үшін дизельді насосқа тапсырыс берілген еді. Аудан әкімінің қолдауымен аяқ суға арналған насос каналға жеткізілді.

Алдағы жылы насостың көмегімен аяқ су уақытылы берілетін болады. Өз кезегінде бұл тұрғындар үшін қолайлы болмақ.
25 қыркүйек 2022 ж. 370 0