Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га көрсеткен болатын.

«Қазір 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр», деді министр.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды.

«Сонымен қатар мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді», деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.
14 тамыз 2022 ж. 234 0