Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 ірі супермаркеттерде әлеуметтік бұрыштар жұмыс жасауда

17 ірі супермаркеттерде әлеуметтік бұрыштар жұмыс жасауда

Халық ең көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарында келісім бойынша ашылған 17 әлеуметтік бұрыштар жұмыс жасауда, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында «Аль-Асад» 5 супермаркет, «Ажар» 4 супермаркет, Қызылорда Оптомаркет, «Мирас», «Анвар», «Фуд маркет» және Арал, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы ірі супермаркеттерде орналасқан.

Бұл сөрелерде нан 55 теңге, күріш 175 теңге, ұн 135 теңге, қарақұмық жармасы 415 теңге, рожки 200 теңге, сиыр еті 1700 теңге, тауық еті 785 теңге, сүт 280 теңге, айран 225 теңге, сүзбе 1283 теңге, жұмыртқа 29 теңге, сары май 2504 теңге, күнбағыс майы 630 теңге, қырыққабат 95 теңге, басты пияз 100 теңге, сәбіз 130 теңге, картоп 130 теңге, қант 444 теңге, тұз 40 теңгеден сатылуда.
05 тамыз 2022 ж. 357 0