Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Азық-түлік бағасына бақылау жүргізді

Азық-түлік бағасына бақылау жүргізді

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған аймақ бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенділері, БАҚ өкілдері бар.

Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұндай қоғамдық бақылау жұмыстары бүгін барлық аудандарда өткізілуде.




Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
28 шілде 2022 ж. 295 0