Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халық табысын арттыру мәселесі қаралды

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халық табысын арттыру мәселесі қаралды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

Отырыста өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халық табысын арттыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтағы ҚР еңбек заңнамасының сақталуы, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар жайы қаралып, талқыланды.

Мәжілісті Өңірлік даму және экология жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов ашып, жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Жиында тиісті сала басшылары көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.

Бірлескен отырыс барысында жиынға қатысушылар талқыланған тақырып бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс мәселелерді пысықтады.



Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT»
партиясының мүшесі
29 шілде 2022 ж. 475 0