Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Толық көшесі жаңғыртылатын Нағи Ілиясов ауылы

Толық көшесі жаңғыртылатын Нағи Ілиясов ауылы

Сырдария ауданының аумағында жалпы ұзындығы 268,6 км құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның ішінде, 44 км республикалық, 111,56 км облыстық, 112,5 км аудандық маңызы бар жолдардан құралған.

Биылғы жылы аудан көлеміндегі елді-мекендерде жол құрылысы қарқынды дамуда. Сондай ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстың бірі Н. Ілиясов ауылында жүргізілуде. Бұл елді-мекеннің 11 көшесіне қайта жаңғырту жобасы атқарылуда.

Жаңғырту жұмыстары аясында республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы 584,3 млн теңгеге жалпы ұзындығы 3679 метр көшеге асфальт төсеу, 2645 метр көшеге жарық бағанасын орнату, 2242 метр аяқ су лотоктарын орнату, 10 787 метр ені 2 метр болатын жаяу жүргінші жолының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар нәтижесінде Н. Ілиясов ауылы бойынша барлық көшелері жөндеуден өтеді.

Айта кету керек, жалпы аудан бойынша биылғы жылы автомобиль жолдарын жөндеу мақсатында 1,3 млрд теңге қаржыға 23 жоба іске асыру жоспарланып отыр. Оның 17 жобасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 6 жобаға мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде.
Н. Ілиясов ауылынан бөлек, Ақжарма ауылының 5 көшесі, Бесарық ауылының 6 көшесі, Қоғалыкөлден 2 көше, Тереңөзек кентінің 7 көшесі жөнделуде.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
31 шілде 2022 ж. 385 0