Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тамырдың соғысына қарап ауруды анықтауға болады

Тамырдың соғысына қарап ауруды анықтауға болады

Тамыр айыру – адам мен жануарлардың бойындағы қанның тасымалдауын қамтамасыз ететін түтікше. Қан жүрек соғуынан пайда болған қысымның көмегімен және тамырлар ырғағымен ағзаларға жеткізіліп, онан кері қайтып отырады.

Қанды жүректен қолқа тамырлар денеге таратса, барлау тамырлар кері қарай тасымалдайды. Осыған байланысты дәстүрлі түсінікте тамыр тіршілік ырғағын қамтамасыз етуші ағзаның басты мүшесі – жүректің тікелей "хабаршысы" деп саналады. Тамырдың соғу ырғағына қарай ауруды анықтау ежелгі шығыс медицина тәсілдерінің бірі болған. Қазақ емшілігінде бұл тәсілді тамыр ұстау немесе тамыр айыру деп атаған. Тамырды ұстау арқылы ауруды анықтаумен емшілік ілімнің құпиясын белгілі деңгейде игерген мамандар айналысқан.

Тамыр ұстау немесе тамыр айыру адамның білегіндегі тамырды, кейде күре тамырды саусақтың ұшымен басу арқылы жүргізіледі. Тамыр ұстаудың өзіндік ережесі бар: тамыр айыратын емші оң қолының сұқ, ортаншы саусағымен және "шылдыр шүмек" ұшымен тамырды "ұстайды". Нақтырақ айтқанда, науқастың білезік буынынан ("тоғызтарау" деп аталады) бір елі жоғары тұсындағы қар сүйекті бойлап кеткен тамырды басып көреді.

Кәнігі емшілердің айтуына қарағанда, үш саусақтың біріншісімен (сұқ саусақты) теріні ғана, ортаншысымен етке өтетіндей, үшіншісімен сүйекке жететіндей етіп қатты басу керек.

Тамырды таңертең ұйқыдан оянған соң, ашқарында, тіпті суық ауамен тыныстамай тұрған кезде ұстау дұрыс нәтиже береді деп санайды. Емші тамыр соғысын айырумен қатар, науқастың шықшыт, қолтық бездерін де сипап тексереді.

Шығыс медицинасынан хабары бар (әсіресе тибет, қытай) қазақ емшілері аталған үш саусақтың басына білінетін тамыр соғысының белгілі бір мүшеге қатыстылығын біледі: мысалы, сұқ саусаққа жүрек пен құрсақ мүшелері, ортаңғы саусақтың ұшына асқазан мен көкбауыр қызметіне қатысты «ақпарат» білінеді. Ал бүйрек, қуық, жыныс мүшесінің қызметі шылдыр шүмек (аты жоқ) саусаққа басылған тұстағы тамырдың соғысынан білінеді.

Қазақ тамыршылары қан тамырларын сипатына қарай төмендегiдей жiктейді:

– әлсіз тамыр – тамырдың әлсіз соғуы, жіңішке жіптен болымсыз білінуі. Бұл ауру меңдеп, науқастың әлсірегенін білдіреді;

– шөкпе тамыр – ақырын ұстағанда білінбегенімен, батыра ұстағанда ғана білінетін тамыр. Ондайлар көбінесе аурудың ішкі белгілерін байқатады;

– қалқыма тамыр – ұстаған кезде соғуы білінетін тамыр. Көбіне аурудың сыртқы белгілерін көрсетеді;

 – баяу тамыр – тамырдың қалыптыдан жиі соғуын білдіреді. Тамыршылар мұны аурудың суықтық белгілері көрсеткішіне деп бағалайды;

– қарқынды тамыр – тамыр өте тез, бір тыныс алғанда 5–6 рет соғуы. Бұл – шектен тыс қызу көтерілгендігінің белгісі;

– керме тамыр – садақтың адырнасындай «керіліп», яғни қатты соғатын тамыр. Көбіне бауыр ауруының белгісіне саналады;

– сырғақ тамыр – ұстағанда жұмырланып, соғып, қан сырғанап аққандай беліну. Бұл көбінесе өкпеге қақырық жиналғаның, ас қорытудың нашарлығын, әйел болса, жүкті болғанын білдіреді;

– тебінді тамыр – тамырдың тебінді әрі күшті соғуы. Ол көбінде созылмалы тұмау, аурудың ұзаққа созылуын білдіреді;

– өрекпі тамыр – тамырдың екпіндеп, су атқан тәрізді «өрекпіп» соғуы. Рухани ауруларға шалдыққандардың тамыры көбіне осындай белгі береді.

Ер адамның тамыр соғысы ширақ әрі күштірек, әйел адамдікі Тамыры жіңішке әрі соғысы тез болады. Сол сияқты, ер адамның сол қолының, әйел адамның оң қолының тамырын ұстаған дұрыс деп есептейді.

Аурудың сыртқы белгілері мен сипатына қарай науқасты мазалайтын жайттарды сұрай отырып, көз бен ауыздың шырышты қабаты, денедегі теріні қарау, тіпті зәрінің түр-түсі сияқты мәліметтерді қосымша ақпарат ретінде пайдаланған.

Халық емшілері ағзаның жарақаттанған тұсының тамырын ұстау арқылы сынықтың дәрежесін де анықтаған. Тамыр соғысы қарқынды болса, сүйек сынғанының белгісі деп саналады. Ал өте жылдам соқса, миға зақым келгені, ауырлау әрі әлсіз соқса, – сүйекке қоса бұлшық еттің де зақымданғанының белгісі.




11 шілде 2022 ж. 342 0