Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала бойынша құрбан шалу екі қасапханада өтеді

Қала бойынша құрбан шалу екі қасапханада өтеді

Бұл туралы Сыр өңірінің Бас имамы облыстық әкімдік ғимаратында орналасқан өңірлік коммуникациялар орталығының баспасөз алаңында хабарлады.

Құрбан айт мерекесіне орай өткен баспасөз мәслихатында Болатбек Ұласқанұлы БАҚ өкілдеріне құрбан шалудың шариғи шарттарын түсіндіріп, «www.qurban.kz» сайтының жұмысымен таныстырды.

«Аймақта Айт намазын оқу уақыты 06:00 болып бекітілді. Биыл құрбан шалу онлайн және офлайн форматта өтеді. Қызылорда қаласы бойынша діни рәсім мешіттерде емес, арнайы жасақталған «Нұрболат» (Т.Абуов, 29) және «КЗО ЕТ» (Көкжиде, 56) қасапханаларында жүзеге асырылатын болады. Құрбан еттері мешіт еріктілерінің көмегімен мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Тізім «Бақытты отбасы» орталығынан алынады»-деп мәлімдеді, Болатбек Абуов.

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 4871 отбасыға құрбан еті үлестірілген болатын.




ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
07 шілде 2022 ж. 299 0