Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсатқа жылдам жету үшін керек 20 әдет

Мақсатқа жылдам жету үшін керек 20 әдет

Көптеген адам 8 сағатта орындай алатын тапсырмалардың санын асыра бағалайды немесе бір таңның ішінде қанша істі бітіре алатынан сенімсіздікпен қарайды. Күнделікті жасайтын істеріміздің аяқталу-аяқталмауы біздің әдеттерімізге тікелей байланысты. Әдеттегі өмірдегі әдеттерге шағын өзгеріс еңгізу арқылы қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады. 

Жұмыс өнімді болу үшін өмірімізге қандай әдеттерді енгізу керек?

1. Нақты тәртіп орнатпай алға жылжи алмайсыз. Егер шынымен көп нәрсені іске асырғыңыз келсе, өзіңіздің өмір ырғағыңызға сай өнімділік қозғалтқышын қалыптастырыңыз.  

2. Қол жеткізгіңіз келетін барлық нәрсені жазыңыз. Getting Things Done авторы Дэвид Аллен "Біздің миымыз идеяларды сақтауға емес, оларды іске асыруға арналған" деген болатын. Сондықтан мидың күшіне сенім артыңыз. 

3. Күн сайын ең маңызды және бірінші орындалуы тиіс тапсырманы жазып алыңыз. Мысалы, ертең таңғы 6-да тұру немесе күнделік толтыруға 30 минут бөлу.

4. Бір нәрсеге бар назарыңызды аудару үшін, істі бастамас бұрын алаңдататын барлық нәрседен құтылғаныңыз жөн. 

5. Смартфон – нағыз "азғырушы" құрылғы. Не істесеңіз де, оны өзіңізден аулақ ұстауға тырысыңыз.  Әрине, жұмысыңыз аяқталғанша. Сондай-ақ  дыбысты өшіруді де ұмытпаңыз.

6. Ерекше маңызды және құнды жұмысты бастамас бұрын маңызды шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Осылайша сіз когнитивтік энергияңызды үнемдейсіз.

7. Біздің миымыз таңертең белсенді болады. Бұл уақытты күрделі ақыл-ой жұмысына пайдаланыңыз. Түске дейін ең қиын тапсырмаларды шешуді әдетке айналдырыңыз.

8. Үдерісті жылдамдатуға көмектесетін бірнеше жеке өмірлік айла-шаралар мен лайфхактерды анықтап алыңыз. Оларды күн сайын пайдаланыңыз.

9. Бастау үшін мотивацияны күтпеңіз. Нәтижеге жету үшін жеке өнімділік қозғалтқышын үнемі қосулы болу керек.

10. Ақыл мен денеңізге үзіліс беру – істі аяғына дейін жеткізуден де маңызды. Үзілістерге әдейі уақыт бөліңіз.

11. Күннің басында бір стақан су ішіңіз. Сусыздану бас ауруын тудыруы және сананың қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін.

12. Уақытты басқару әрдайым жұмыс істей бермейді. Уақыттың орнына энергияны бөлуге тырысыңыз: ең белсенді кезде ең қиын жұмысты жасаңыз.

13. Сіз әдетте алаңдататын барлық нәрселердің тізімін жасаңыз және осы факторлардың әрқайсысы сіздің жұмысыңызға қалай әсер ететінін анықтаңыз. Кем дегенде маңызды істер кезінде олардан аулақ болуға тырысыңыз.

14. Қанша жерден қолыңыз бос болмаса да, тамақтану режимін мұқият жоспарлаңыз. Мидың жұмысын жақсарту үшін балық, жаңғақтар және көкөністер сияқты қоректік және пайдалы тағамдарды жеңіз.

15. Тапсырмалар санын күніне беске дейін шектеңіз және оларды орындауды мақсат тұтыңыз.  

16. Дейл Карнегидің лайфхакын пайдаланыңыз: "Алдымен қиын жұмысты істе. Жеңіл тапсырмалар өздігінен шешіледі".

17. Дағдыларыңызды жақсарту үшін үзілістерді пайдаланыңыз. Кезекте тұрғанда немесе такси ішінде ақпараттық-танымдық подкастын тыңдаңыз немесе кітаптың бірнеше бетін оқыңыз. Кейді massaget.kz сайтына да кіріп тұрыңыз.

18. "Мінсіз" сөзін "жеткілікті жақсы" деген сөзбен ауыстырыңыз. Керемет нәтижелерді күтудің орнына, күнделікті прогреске назар аударыңыз. Бір уақыттағы бір әрекет – бұл прогресс.

19. Егер сіз компьютермен жұмыс істейтін болсаңыз,  20-20-20 ережесін қолданыңыз. Әрбір 20 минуттық жұмыстан кейін 20 секунд бойы сізден 20 см қашықтықта орналасқан кез келген нысанға көз алмай қараңыз.

20. Еш алаңсыз, жақсылап демалуды үйреніңіз. Өнімділік демалыспен біз ойлағаннан да әлдеқайда тығыз байланысты. Егер ақыл-ой мен дене бірге жұмыс істесе, адам әлдеқайда жақсы және жылдам жұмыс істейді.




03 шілде 2022 ж. 291 0