Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Халық қалаулысы қоғамдық қабылдау жүргізді

Халық қалаулысы қоғамдық қабылдау жүргізді

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда қалалық маслихат депутаты Абизов Дильмухаммед Мінуарбекұлы кестеге сәйкес партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауда болған тұрғындар әлеуметтік және баспана мәселесін көтеріп, шешілуіне көмек көрсетуді сұрады.

Қабылдау барысында көп қойылатын сұрақтардың бірі баспана жайлы. Бұл мәселеде тұрғын үй беру тек қолданыстағы заң аясында реттеліп, кезек ретімен табысталатындығы түсіндіріліп, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінен қосымша кеңес алу ұсынылды.

Сонымен қатар қабылдауға келген қала тұрғындарының әлеуметтік салалар бойынша қойған сауалдарына түсіндіру сипатында толыққанды ақыл-кеңес, бағыт-бағдар берілді.





Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі

11 мамыр 2022 ж. 460 0