Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай кешенді акция өтті

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай кешенді акция өтті

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында кешенді акция өтті, Kyzylorda-news.kz.

Шара барысында есірткіге қарсы насихатта ерекше көзге түскен азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Акция барысында театрландырылған көрініс, би қойылымдары, сондай-ақ кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің жұмысы көрсетілді.

Концерттік бағдарламамен арнайы шақырылған қонақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнер көрсетті. Сонымен қатар саябақ қонақтарына полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдер мен балаларға арналған ойыншықтар тарату етілді.

Айлықты өткізу кезінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық, қылмыстық жауапкершілік проблемалары туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «Сенім» телефоны туралы ақпарат ілінді. Балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды.
27 маусым 2022 ж. 231 0