Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Журналист дәрігер сияқты сақтандырылмаған

Журналист дәрігер сияқты сақтандырылмаған

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамасына «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Жұмыс тобының мүшесімін. Өз басым журналистің мәртебесін айқындау, әлеуметтік түйткілдерін заң шеңберінде шешу керек деп есептеймін. Біріншіден, жаңа заңда журналист пен БАҚ-тың , блогер мен фрилансердің қызметі, құқығы мен міндеті нақты айқындалады деп күтілуде. Екіншіден, мемлекеттің ақпараттық саясаты нақты заң және ереже талаптарымен жүзеге асады деп ойлаймын, - деді ол.

Сондай-ақ Срайыл Смайыл журналистке дәрігер, мұғалім, полиция сияқты қызметі ауыр мамандық өкілі ретінде жеңілдіктер заң бойынша қарастырылуы тиіс деп есептейді. 

Пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен бірге жұмыс істеді. Сол кезде инфекция жұқтырып алған, жұмыс істеп жүріп аурудан көз жұмған журналистер болды. Мысалы, дәрігерлерге нақты жеңілдіктер қарастырылып, үстемақы берілді, жалақылары көтерілді. Ал журналистер өз өмірін қауіп-қатерге тіксе де, осындай жағдайда дәрігерлер сияқты сақтандырылмаған, - дейді ол.

«Жас қазақ» газетінің бас редакторы жаңа заңда журналистерге жеңілдікпен баспана берілу жолы да қарастырылуы керегін айтты.  

24 маусым 2022 ж. 224 0