«Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді

Бүгінгі таңда журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережелері бұл процедураның нақты және жеңілдетілген механизмін толық қамтамасыз етпейді.
Әзірленген ереже жобасы медиа-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар мен жаңалықтарды қамтиды:
БАҚ меншік иесінің немесе редакторының қалауы бойынша тұрақты аккредиттеумерзімдерін айқындау (1 жылдан кем емес) (бұл шара журналистерді аккредиттеу кезінде икемділікті қамтамасыз ету және белгілі бір БАҚ-қа қатысты жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін жағдайлардың туындау мүмкіндігін болғызбау қажеттілігімен негізделген);
нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін уақытша аккредиттелген журналист ауырған, демалыста, іссапарда болған не нақты іс-шара жарияланған жағдайда оны ауыстыру үшін қажетті уақытша аккредиттеуді енгізу;
құжаттар пакетін 4-тен 2-ге дейін қысқарту;
өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімін 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту; журналистерді аккредиттеу кезінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау жөніндегі ережелерді көздеуге құқығы бар.