Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АИТВ : Құпиясын ашып, зиянсыз ету

АИТВ : Құпиясын ашып, зиянсыз ету

1980 жылдан бастап кездескен АИТВ инфекциясы, адамзатпен бірге ХХІ ғасырға қадам басты. Басында көптеген ғалымдар мен дәрігерлер иммунитеттің ауыр мәселелерін вирусқа ешқандай қатысы жоқ деген сенімде болды. Аурудың алғашқы себебі ретінде ол кезде зеңдер, уытты химиялық заттар, иммунитетттің қателігі деп қарастырылды. Алайда, Пастер институтынан француз зерттеушісі Люк Монтанье мен оның әріптесі Ұлттық онкология институтынан Роберт Галло бұған сенбеді. Екеуі де мәселе организмге сырттан түсіп, иммундық жасушаларды жоя бастайтын ерекше «жасушалық паразитте» деп санады және екеуі де бір-біріне тәуелсіз осы мәселелені зерттей бастады. 1983 жылы зерттеушілер пациенттің жасушасынан ауруды туындатқан вирусты бөліп шығарып, аурудың қоздырғышын тапты. Алайда, вирус зертханада өте нашар көбейетіндіктен, оны толығымен сипаттау мүмкін болмады.

АИТВ неліктен қауіпті ?

АИТВ адамның иммундық жасушалары - CD 4 жасушаларында «өмір сүреді » және көбейеді. Бұл организмнің басты «полицейлері», біздің барлық қауіпті және бөгде зиянды заттардан, оның ішінде вирустар жаулап алған өзіміздің жасушаларымыздан да қорғайды. Басты бәле осында: жұқтырған бауырластарын шабуылдай отырып, иммундық жасушалар өздері де жұқтырады, вирусқа керегі де сол. АИТВ вирустары – ретровирустар. Бұл дегеніміз, олардың генетикалық материалы адамдардағы тәрізді ДНҚ-да емес, ұқсас «тасылмаушы »РНК молекуласында жазылған. Жасушаға түсіп, вирус капсуласын тастайды және оның ішіндегісі сыртқа шығады. РНҚ-мен бірге вирустық ақуыздар босатылады: олар РНҚ-ДНҚ бөлігі етіп, «қайта жасайды» және вирус геномы бөлігін қожайын жасушаларының ДНҚ еңгізеді. Осыдан бастап, жасуша вирус бөліктерін: вирус ақуыздарын және РНҚ «басып шығара» бастайды. Жеке арнайы ақуыз осы «қосалқы бөлшектерді» жаңа капсидке жинайды. Қожайын-жасушаларынан қан ағымына шығып, капсидтер өздерімен қожайын жасушасы мембранасының бөлігі «алып кетеді» - осылайша АИТВ өздерінің қабықшасын алады. Бұл инфекциясымен күреспесе, шамамен, 8-10 жылда вирус полиция жасушаларын көпшілігін бұзады. Нәтижесінде, организм микробтар мен зеңдердің алдында қорғансыз болады. Бұл жағдай жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы немесе ЖИТС (СПИД) аталады.

Аурудың симптомдары.

Алдында АИТВ-инфекциясы қарапайым тұмауға ұқсайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, тамағы мен басы ауырады, бұлшық еттері мен буындары қақасайды. Кейде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Шамамен, екінші аптада адамдардың көпшілігінде қолтық асты мен мойын лимфа түйіндері ұлғаяды - осы тұстарда вирустарды жұқтырған CD 4-жасушалары жиналады. Осы кезде ауру әсіресе, жұқпалы, себебі, қанда вирустар өте көп болады.

Өзіңді қалай тексеруге болады?

Жалғыз тәсіл-талдау өткізу. Ең танымал тест - қанның иммуноферменттік анализі (ИФА).Ол үшін кез келген емханалардан тамырдан қан тапсырыу қажет. Жасалған талдауда вирус өзін емес, ағзаның вирусқа қарсы дайындалған антиденелерді анықтау арқылы нәтиже беріледі.

Бұл үкім емес!

Қуанышқа қарай, АИТВ себептері туралы ештеңе білмеген және оны қалай емдеу қажеттігі ешкім түсінбеген уақыт өтті. Заманауи дәрілерді уақытылы қабылдап, талдау тапсырып, дәрігердің тағайындауын қадағалап отырса, сау адамдар секілді ұзақ және қуанышты өмір сүруге болады. Ең бастысы, дәрілерді күнделікті бір мезгілде ішу қажет, әйтпесе вирустар бақылаудан қайта шығып кетеді. Бұл - таблеткаларды өмір бойы ішу қажет деген сөз.

Қорыта келе, АИТВ-зұлым, қатыгез және тірескен жау болғанымен, оны жеңуге болады. Дарынды ғалымдардың қажырлы еңбегіне сай, біз бұл вирустардың жасушаларымызға қалай енетіндігі біліп, оларды бақылауда ұстауды үйрендік. Бүгінде вирусқа қарсы емнің арқасында, АИТВ-ға шалдыққан адамдар отбасын қауіпсіз құра алады, серіктестері мен балаларына жұқтырмайды, ауруға шалдықпайды және қаласа ұрпақ өрбіте алады.

А.Оразбаева ,
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Сырдария ауданындағы психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәргері
23 маусым 2022 ж. 139 0