Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылдам әрі үнемді көлікжуу орны

Жылдам әрі үнемді көлікжуу орны

Кәсіпкер Дастан Палмахов кенттегі И.Тоқтыбаев көшесінен «Автомойка 24/7» атты көлік жуу орталығын ашып жұмыс жасауда. Аудан әкімі М.Ергешбаев көлікжуу орнының жұмысымен танысты.

Бұл орталықтың әдеттегі көлік жуу орталықтарынан айырмашылығы 24 сағат бойы жұмыс істеп тұратындығында және әр жүргізуші өз өзіне қызмет көрсететінінде.

Мұның бір жақсы жері қалтаңда қалған азын-аулақ
тиынға көлік жуып алуға болады. Егер сіз көлігіңізді жуғыңыз келсе алдымен құрылғыға 100 теңгелік ақшадан бастап, өз қалауыңызша 500, 1000, 2000 сынды ақшаларыңызды сала бересіз. Сонда барып құрылғы сізге су, көбік және көлік жылтыратқыш сынды жууға қажетті қоспаларды ұсынады. Оларды арнайы тетікшелер арқылы басқарып отырасыз. Салған ақшаңыз таусылғанша сіз жууға қажетті қоспаларды өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз. Жаңадан іске қосылған орталықта негізі көлік жуатын 2 орын бар.

Кәсіпкердің айтуынша мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта кәсіпті кеңейтіп осы жерден автосервис құрылысын бастамақшы. Қыстық, жаздық көлік жуу орнын, көлік жөндеу орыны, автобөлшектер сататын дүкен ашу. Бұл үшін кәсіпкер 2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша қайтарымсыз грант та ұтып алған.

Керек кәсіпті қолға алып, елге қызмет етуді көздеген азаматтың жұмысына аудан әкімі сәттілік тіледі.
16 маусым 2022 ж. 566 0