Ердос Бақторазов: Жетістікке жету әр адамның өз қолында
Аудан әкімі М.Ергешбаев кентте орналасқан «Керемет» құрылыс заттары және қоғамдық моншасының жұмысымен танысты.
Кәсіпкер Ердос Бақторазов бұл салаға 2017 жылы Алматы қаласынан туған жерге келіп арнайы кіріскенін айтады.
Кәсіпкер Ердос Бақторазов бұл салаға 2017 жылы Алматы қаласынан туған жерге келіп арнайы кіріскенін айтады.
- Алғашында құрылыста қара жұмысшы болып, кейін оңтүстік астанада университетте күзетші болып жұмыс жасадым. Университетте күзетші болып жүріп сонда оқуға тапсырдым. Оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, жоғары білім алдым. Тіпті магистр дәрежесіне де жеттім. Осылайша Алматы қаласындағы еліміздің ең ірі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдадым.
Демалыста ауылға келген монша таппай қиналатынбыз. Кентте тұрғындар үшін қолайлы орталық монша жоқ еді. Монша ашу туралы ой сол кезде пайда болды.
Моншаны толығымен өзіміз, өз күшімізбен жасап шықтық. Іргетасын асар әдісімен құйып, өру, сылау және ішкі жұмыстарын отбасыммен жасадық.
Мемлекетіміз кәсіппен айналысам дегендерге ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Тек жұмыс жасаймын деген талпыныс болса болды.
Моншадан бөлек 2019 жылы «Кәсіп ашуға – 505 мың теңге» деп аталатын бағдарлама аясында грант ұтып алдық. Ол ақшаға инкубатор сатып алып, жұмысты жандандыра бастадық. Кейін осындай мемлекеттік бағдарламаларды жібермей қарап отыратын болдым. Түрлі конкурстарға қатысып, нәтижесінде 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант негізінде қайтарымды көлемді қаржыны жеңіп алдық. Ол ақшаға кәсіпті үлкейтуге септігін тигізетін, бір дегенде 500-1000 балапан басып шығаратын инкубатор алдық. Қазір шаруа біршама жолға қойылды, – дейді жеке кәсіпкер.
Ердостың тағы бір кәсібі кенттегі «Керемет» құрылыс заттары дүкені былтырдан бері халыққа қалтқысыз қызметін көрсетіп келе жатыр.
Құрылыс заттардың бағасына емес, сапасына көңіл бөлу арқылы тұрғындар талабынан табылып отырмыз, алдағы уақытта нысанының ауқымын кеңейтіп, бірнеше адамды жұмыспен қамту ойымызда бар дейді кәсіп иесі.
Кәсіпкердің таудай талабына ризашылығын білдірген аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге ұдайы қолдаулар болатынын жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін қарастырып, аудандағы кәсіпкерліктің ауқымын ұлғайтуға жұмыс жасау қажеттігін айтты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі