Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордада мәнерлеп сырғанау спортының даму жолдары қаралды

Қызылордада мәнерлеп сырғанау спортының даму жолдары қаралды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев коньки тебу Ұлттық Федерациясы Президентінің кеңесшісі Байтақ Тұрсынбаев және Ұлттық құрама командасының мүшесі, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Артур Смағұловпен кездесті6 деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Басқосуда аймақтағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту жолдары сөз болып, жас спортшыларды даярлау мәселесі қаралды.

Байтақ Тұрсынбаев 2026 жылы Италияда өтетін ХХV қысқы олимпиада ойынында ел намысын қорғайтын Артур Смағұловтың дайындығын ұйымдастыруға атсалысып, қолдау көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы мәнерлеп сырғану бағыты өте ерекше спорттың бірі екенін жеткізіп, Сыр елінен шыққан жерлес Элизабет Тұрсынбаеваның ізбасарларын тәрбиелеу аса маңызды екенін алға тартты. Сондай-ақ, сала басшыларына айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, зерделеуді тапсырды.
12 маусым 2022 ж. 394 0