Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогы өтуде

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогы өтуде

23-27 ақпан аралығында Мұз айдыны спорт кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 63 қатысушы бақтарын сынамақ.

Бүгін шараның ашылуы өтті. Салтанатты шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен бірге, осы күні таңертеңнен жарыс алаңына шыққан спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Мәнерлеп сырғанау федерациясының вице-президенті Байтақ Тұрсынбаев, 4-ші ООРМБЖМ директорының міндетін атқарушы Бегәділ Байсалов және басқарма басшысы Асылжан Жаманқұл сайыс мықтыларына медальдар мен дипломдар табыстады.

Алғашқы мәнерлеп сырғанау нәтижесінде Қарағандылықтар көш бастап, кеуделеріне қос бірдей алтын тақты.

Қыздар арасында:

Қарағанды обл. Александра Староверова – 1 орын
Қарағанды обл. Елизавета Апретова – 2 орын
Шымкент қаласынан Айым Темірхан – 3 орын иеленді

Ұлдар арасында:

Қарағанды обл. Станислав Коршиков – 1 орын
Қызылорда обл. Темірхан Яхияев – 2 орын
Нұр-Сұлтан қаласынан Данил Шпулинг – 3 орын алды.
25 ақпан 2022 ж. 414 0