Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ


«Мұз айдыны» спорт кешенінде елімізді әлемге танытып жүрген жерлесіміз, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын тәрбиеленушілерге шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген жеткіншектер келді.
4 дүркін Қазақстан жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет өз тәжірибесімен бөлісіп, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын,әдіс-тәсілдерін үйретті.
Мұз айдыны ханшайымы Элизабет жас мәнерлеп сырғанаушылармен сұхбаттасу барысында олардың осы спортқа деген ынта-ықыласының артқандығын, қызығушылықтарының жоғары екендігін байқады. Сондай-ақ, бірқатар спортшылардың өзіне ұқсап, елімізді халықаралық ареналарда әлемге танытатын ниеттерінің бар екендігіне көз жеткізді.
Элизабет қыркүйек айынан бастап сегіз халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Соның ішінде 2019 жылдың 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін XXIX қысқы Универсиадада студенттер арасында алғашқы мәрте бағын сынамақ.
Одан кейін 12-24 наурыз аралығында Жапонияда болатын Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайды. Осы жарыстарға тыңғылықты дайындалу үшін жазда Ресейде өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады.                                                                                         







20 сәуір 2018 ж. 937 0