Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар референдумды қолдайды

Жастар референдумды қолдайды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских аудандық жастар орталығында белсенді жастар өкілдерімен референдумды насихаттау бойынша кездесу өткізді. Онда еліміздің Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және ел көлемінде өткізгелі отырған референдумның мән-мағынасы түсіндірілді.

Республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар, жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы айтылды.

Басқосуға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы қатысты.

Іс-шара барысында жастар тарапынан референдумның маңыздылығы айтылып, қатарластарын саяси науқанға белсенді қатысуға үндеді.
03 маусым 2022 ж. 479 0