Референдум өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тәртібі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 қаулысымен 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылданды.
Референдум өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау барша азаматтардың міндеті.
Осы орайда, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі референдум өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұрайды. Атап айтқанда:
- Референдум өтетін орындарда телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi бар тақтайша орнатылады (iлiнедi).
- Дауыс беруге арналған үстелдердi, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етудi ескере отырып, үй-жайдың периметрi бойынша жүзеге асырылады.
- Референдум өтетін орындардың жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Көрсетiлген жұмыстар қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты бақылауымен жүргiзiледi.
- Дауыс берушілерді тiркеу, бюллетеньдердi беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерiнiң (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар) орындары әр жерге орналасқан кемiнде екi эвакуациялау жолы бар үй-жайларда орналастырылады.
- Дауыс берушілердің қозғалысы қиылысатын және қарсы лектi болдырмайтындай етiп ұйымдастырылады. Адамдар легінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгiленедi.
Референдум өтетін орындарды пайдалану кезiнде:
- Эвакуациялау жолдарын, өрт сөндiру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшiру құрылғыларына қол жеткiзу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты iс-шараларды өткiзу кезiнде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есiктерiн жабуға жол берiлмейдi.
Өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:
- Ғимараттағы барлық адамдар жедел көшіру жоспарына сәйкес бөлмелерден шығып, ең қысқа жолдармен ғимараттан шығу керек. Көшіру кезінде сабырлық сақтау қажет.
- Өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дереу 101, 102, 103 және 112 номеріне қоңырау шалу қажет.
Сырдария ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
Төтенше жағдайлар бөлімі