Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ардагерлер ойларын ортаға салды

Ардагерлер ойларын ортаға салды

Бүгін жалпыхалықтық референдумды қолдау және түсіндіру мақсатында аудандық мекемелер үйінде аудан ардагерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу барысында алдағы референдумның мәні мен маңыздылығы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың еліміздің жарқын болашағы үшін маңызы зор екені талқыланып, сөз етілді. Жалпы референдум бойынша толық ақпарат берілді. Аудан ардагерлері жалпыхалықтық референдум туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін айта отыра бірауыздан қолдау көрсетіп,тілек жарды лебіздерімен бөлісті. Кездесу соңында 5 маусым күні өтетін референдумға біркісідей белсене қатысып, еліміздің болашағына өз үлестерін қосатынын жеткізді.
30 мамыр 2022 ж. 388 0